50 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған бүгінгі мектебіміздің мерейтойы! Осыдан 50 жыл бұрын, 1971 жылы Мамлют ауданының Искра сегізжылдық мектебі ашылды.
50 жылдық мерейтой! Қаншама жүрекжарды, жанға жайлы тілектер болса да, шексіз алғысымыз бен сүйіспеншілігімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес шығар! Себебі 50 жыл - сатылап биіктерге жетелеген алып белес!
50 жылда іргесі бекіп, керегесі кеңейген, бірлігі жарасып, ырысы тасыған бүгінгі мектебіміздің мерейтойы! Осыдан 50 жыл бұрын, 1971 жылы Мамлют ауданының Искра сегізжылдық мектебі ашылды.
Мектебіміз үшін алғашқы қадамы еңбекшілер депутаттары аудандық Кеңесі атқару комитетінің 1971 жылғы 11 тамыздағы «1971-1972 оқу жылына аудан мектептерінің желісін ішінара өзгерту туралы» №13 хаттама шешімінен басталды. «Өндірістік қажеттілікке және оқушылар контингентінің болуына байланысты 1971 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Искра бастауыш мектебін сегіз жылдық мектепке қайта құру облыстық атқару комитетінен сұралсын». Аудандық еңбекшілер Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары: Б.Торощин
Уақыт қыран құстай зымырап жатыр. Кеше ғана аппақ бантик пен мектеп формасын киген, асыр салып ойнап жатқан қыздар мен ұлдардың бүгінде кішкентай бүлдіршіндері мектеп табалдырығынан аттады. Содан бергі жылдарда білім ордасында көптеген білімді де, тәжірибелі мұғалімдер еңбек етті. Бірақ ерен ебектері мен қажымас қайраттарымен тамсандырып жатқан ұстаздарымыз әрқашан да мектебіміздің көркі мен абыройы.
Бірақ, өмір ағымымен өтіп бара жатқан жылдар бойы мектебіміздің шаңырағын көтерген адамдар арамызда жоқ...
Мектебіміздің алғашқы директоры Шакирова Золфира Макжумовна (еңбек өтілі – 1 жыл), 1972-1973 жылдары – Амиргалиев Маркс Амиргалиевич, 1973-1975 жылдары – Авдонин Владимир Григорьевич, 1982-1984 жылдары – Баев Виктор Григорьевич, 1975-1982, 1984-2010 жылдары – Лукьянченко Валерий Григорьевич, еңбек өтілі 33 жыл, 2010 жылдан бастап осы күнге дейін – Ильясов Талгат Маратович, еңбек өтілі 11 жыл.
Бұл адамдар мектепті әр уақытта басқарғанымен, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға, сенімді педагогикалық ұжымды қалыптастыру жолында көп еңбек сіңірді.
Басшылық еткен мектеп директорларының бәрі де дәстүрдің, болашақ табыстың негізін салушы болды. Олар мектеп тарихына үлкен үлестерін қалдыра білді, оқушылар мен ұжымға жұмыс істеуге және білім алуға мүмкіндік жасады.
Мектеп директорларының серіктері мен әр уақытта жаңа идеялар мен толағай терең ойларымен көмектесетін Иваница Любовь Михайловна, Лукьянченко Таисия Алексеевна, Лукьянченко Татьяна Алексеевна, Морозова Светала Владимировна, Быкова Надежда Николаевна сияқты директордың орынбасарлары болды.
Шығармашылық ұжым құрып, адамдарды біріктіріп, баурап алу үшін қаншама күш, қайсарлық, ерік-жігер қажет еді. Шәкірттерінің қуанышын да, мұңын да қамтыған олардың жүректері жомарт әрі жанашыр еді. Ауылымыздан шығып еліміздің түпкір – түпкірінде әртүрлі саланың қия жолында журген азаматтарымыз да аз емес.
Бұлардың барлығы ұлағатты ұстаздардан білім алып, құнарлы топырақтан өсіп-өнген азаматтар.
Мектеп тарихын парақтап, ескі фотосуреттерге қарап, ұстаздардың жас жүздерін көреміз. Көздері жайнап, үлкен шабытпен жарқырайды. Баланың бойында білімге, еңбекке деген құштарлықтарын оятатын, жалынды от алауын тұтататын – ұстаздар. Қасиетті қарашаңырақта бір кездері дәріс берген ұлағат иелері, ардагер – ұстаздар ондап саналады. Қай кезде де олардың лебіз- тілектері көңілге қонымды, жүрекке жақын екендігіне көпшілік куәміз. Бұл біздің құрметті ардагерлеріміз Лукьянченко Таисия Алексеевна, Лукьянченко Татьяна Алексеевна, Быкова Надежда Николаевна.
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісі ойдағыдай өтуі, мектептің таза, жылы, жайлы және қауіпсіз болуы үшін директордың шаруашылық бөлімінің меңгерушісі бастаған кіші персонал қызметкерлері аянбай еңбек етеді, қазір де қызмет етуде. Олардың көпшілігі осында білім алып, балалары мен немерелерін білім алуға мектебімізге жетелеген мектебіміздің түлектері. Маңызды жұмысыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены