Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
- дей келе, мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдық мерейтойының қарсаңында 1-сынып оқушыларын Республикалық Бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті. Мектебіміздің 92 оқушысы Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды. Төсбелгілерді мектебіміздің директоры, әкімшілік мүшелері және «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі мен "Жас Ұлан" ұйымының мүшелері тақты. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
25orta_mektep.edu.kz
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены