Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырған «Тәуелсіздік белестері» атты постер-сессия байқауы өтті. Мақсаты - тәуелсіздігіміздің 30-жылдық қарсаңында еліміздің жеткен жетістіктерін саралау, бағалау, қорытындылау. Аталмыш сайыста гимназияның 11-сынып оқушысы Сағындықова Арайлым «Қазақстанның экономикалық даму бағыттары» номинациясы бойынша постерін қорғап 3 орын алды. Жетекшілері Аралбай Н. У.мен Нурмолдин Н. Б. Ал «Мәдени мұра –асыл қазына» бағыты бойынша 11-сынып оқушысы Мурзахметова Жансая Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Кулушова Г. К. Еңбектеріңіз бағаланып, биік шыңдардан көріне беріңіздер.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены