← Назад к новостям
 Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған қорытынды концерт

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған қорытынды концерт

83mektep
15.12.2021 в 23:15
672 просм.
Нет комментариев

Бүгін мектебімізде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған қорытынды концерт өтті


Мерекелік іс-шара барысында гимн орындалып, мемлекеттік ту көтерілді. Концерт шымылдығын мектеп оркестрі «Тепенкөк»  туындысымен ашты. Мектеп директоры Сәуле Ермқханқызы ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады. Дәулеткелді Дінмұхаммед, Көшербай Медина,Жунусова Сабина, Руслан Манарбекұлы патриоттық әндер шырқаса, фольклорлық ансамбль мен скрипкашылар «Әттең,тонның келтесі-ай» және «Ақ сиса» композицияларын ұсынды. Мектеп парлементі көрермен назарына «Қамажай» және «Қара жорға» биін тарту етті. Сонымен қатар, жас ақындарымыз жыр шумақтарымен қуантты. Концерт Ұстазымыз Бижан Мендібайұлы бастаған «Спиринт» вокальды-инструменттік  ансамблінің орындауындағы «Атамекен» әнімен жалғасты. Мектебіміздің ең жас өнерпаздары алғаш рет сахна төріне шығып «Ақбөпе» вокальдық группасы «Детства» әнін орындады.








Автор: 83mektep · 15.12.2021
672
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT