10 қараша Оқушылар сарайында өткен «СҚО жас өнертапқыш -2021» жас зерттеушілер сайысы дәстүрлі түрде өткізіледі. Мақсаты дарынды, талантты оқушыларды қолдау қазіргі ғылыми бағыттар бойынша шығармашылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық сайыста оқушылар биотехнология және IT бағыты бойынша қатысты. Аталмыш сайысқа гимназиямыздың ғылым мен техникаға жақын оқушыларымызды қатыстыру дәстүрге айналған. Биыл 5-сынып оқушысы Жакина Сабина «Биоотын өндіру» жобасын қорғап 2 орын алды. Оқушымыз биоотының 3 түрінің өнімін ұсынды, биоотынның экономикалық тиімділігі мен өмірге қажеттілігін көрсетті. Бұл зерттеу жұмысының жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Абуева Райса Тұрлыбекқызының шәкірттері осы сайыста екі мәрте жетістік тұғырынан көрініп жатыр. Шәкірт пен ұстазды жетістігімен құттықтап биік тұғырынан көріне беруге тілектеспіз!






Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены