Меню KDT
Тәуелсіз елдің тілегі- бейбітшілік, тыныштық, келешегі – білімді ұрпақ


Жаса Тәуелсіз Қазақстан! Сен бағындыратын абыройлы белестер әлі де жарқын болашақтың еншісінде. Батыр бабаларымыз аманаттап кеткен азаттық,Тәуелсіздік бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгілік жатталып, санасында қастерлі ұғым ретінде сақталуы тиіс.
Тәуелсіздік. Қандай киелі сөз. Ата-бабаларымыз аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздіктің жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Міне осындай батыр азаматтарымыздың арқасында 30 жыл тәуелсіз, бейбіт, егемен елміз.
«Тәуелсіз елдің тілегі- бейбітшілік, тыныштық, келешегі – білімді ұрпақ» тақырыбы төңірегінде гимназия кітапханасында 5-сыныптармен дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: жас ұрпақты Отанды, елін-жерін сүюге баулу. Оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы, оған қатысқан қазақ жастарының ерен ерліктерін насихаттау, жас ұрпақты Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.


Комментариев нет
107 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 10.12.2021 в 16:11

Возможно вас заинтересует...!