«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Конкурсқа жас зерттеушілер-2-7 сынып оқушылары, жеке, сондай-ақ, командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады.
«Қалалық білім бөлінімің» 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының қалалық кезеңі 20-22 қазан аралығында өткізілді.
Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурс қашықтықтан «ZOOM» платформасы арқылы ұйымдастырылды. "Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының жеңімпазы Уалиев Ернардың ғылыми жетекшісі Турсынова Сауле Нургалиевна дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 10.12.2021 в 10:48