«Кітап көп ақылдың құйылған көлі» деп текке халық айтпаса керек. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Ол тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу- маржанын жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. «Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында гимназия кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Біз -тәуелсіз елміз» атты іс-шара өтті.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету; оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету; оқушылардың туған өлкемізге деген сезімдерін ояту; елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 09.12.2021 в 09:33