"Менің үйім" және "Өмір әдемі" тақырыптары бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары өтті
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" акциясы аясында гимназиямыздың барлық сыныптарында "Менің үйім" және "Өмір әдемі" тақырыптары бойынша бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 07.12.2021 в 12:04