Инклюзивті білім беру ұжымының ұйымдастыруымен
«Инклюзивті білім берудегі түзете-дамыту жұмыстарын ұйымдастыру»тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты-ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Іс-шара барысында инклюзия жайлы толық ақпарат беріліп, дефектолог және логопед мамандарының ата-аналар мен ұстаздарға арналған ұсыныстарымен ой бөлісті.
Педагог-ассистенттер өздерінің лауазымдық міндеттерімен таныстырып өтті. Іс-шара барысында психологтардың ұйымдастыруымен тренингтер өткізілді.
Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға мұғалімдер өз пікірлерін білдірді.
Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды жене ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан жене даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады.



