Қалалық классикалық гимназияның алғашқы директоры бүгін мерейлі 70 жасқа толып отыр
Тәуелсіздігіміздің тұмарындай, алғашқы қарлығаштарының біріндей Қызылжардың қақ ортасынан білімнің еңселі ордасы қалалық классикалық гимназия осыдан 25 жыл бұрын бой көтерді. Осы білім ордасының өркендеп дамуына зор үлес қосқан, ұстаздардың ұстазы болған, талай ұстаздың шам-шырағын жаққан өзінің өнегелі өмірімен бәрімізге үлгі болған жан қалалық классикалық гимназияның алғашқы директоры Тажин Жангелді Уақпанұлы бүгін мерейлі 70 жасқа толып отыр. Сізді қара шаңырақ ұжымы туған күніңізбен шын жүретен құттықтайды.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстар, қартаймас жайдары көңіл, сарқылмас қуат тілейміз. Көңіліңіз шаттық пен қуанышқа, жанұяңыз бақ пен берекеге толсын.


Автор: b1428skobilim
Добавлено: 30.11.2021 в 20:02