Меню KDT
Жас мамандар арасында мектепішілік жарыс

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30жылдық мерейтойына орай волейболдан  өзін-өзі басқару ұйымы мен жас мамандар арасында мектепішілік жарыс өткізілді . Ойын барысы қызу деңгейде өтті, жалпы ойынға 4 команда қатысты.


Нәтижесінде: 🏆І орынды мұғалімдерден құрылған "Сұңқар" командасы алған болса, 🏆ІІ орынды 10-сынып оқушылар командасы қанжығасына байласа, 🏆 ІІІ орынды 11-сынып оқушылары еншіледі. "Жеңіске деген жігері үшін" номинациясын "Тұлпар" командасы иеленді. Сонымен бірге жарыста үздік ойын көрсеткен ойыншылар аталмыш номинациялармен марапатталды .
"Үздік техника" - Мұстафина Анель , "Үздік қорғаушы" - Бастарбек Ақдидар , "Үздік доп таратушы" - Амирұлла Альмира , "Үздік шабуылшы" - Есенгелді Айымжан , "Үздік орталық ойыншы"- Рыспаева Айым , "Үздік қорғаушы"- Жұмажан Арсен, "Үздік техника - Омарова Дильназ, "Үздік капитан" - Арыстанбек Нұрасыл марапатталды. Ойынға қатысқан командаларға алдағы уақытта сәттілік тілей отыра, алғысымызды білдіреміз!


Комментариев нет
222 просмотров
Автор: 38mektep
Добавлено: 29.11.2021 в 14:04

Возможно вас заинтересует...!