Меню KDT
«Жүзден жүйрік» тіл мамандары фестивалі


Ы. Алтынсариннің 180 және Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойларына арналған облыстық «Жүзден жүйрік» тіл мамандары фестивалі ұйымдастырылды. Мақсаты - орта білім беру ұйымдарының педагог-филологтарының кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға жағдай жасау. С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жақыпова Әсем Жақсыбайқызы жүлделі 3 орын алды. Ұстазымызды жүлделі орынымен құттықтаймыз! Тілдерді оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолданудың тиімді педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату, талантты мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау мен көтермелеу, мұғалім еңбегінің беделін арттыру міндетінде ұйымдастырылған байқау ұстаздардың шеберлігін шыңдай түседі. Жоғары деңгейде ұйымдастырған «Өрлеу» БАҰО» ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз.


Комментариев нет
132 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 26.11.2021 в 09:08

Возможно вас заинтересует...!