Меню KDT
«Әлемді кітап арқылы танимын» байқау аясы


Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы ең көп оқитын оқырмандар арасында «Әлемді кітап арқылы танимын» байқау аясында «Бір мектеп – бір кітап» республикалық онлайн акция-байқауын өткізді. Бұл байқаудың мақсаты: балалар әдебиеті жылына орай таңдалған балаларға арналған шығармалардың оқылымын арттыру, көркем сөзге және әдеби шығармашылыққа баулу. Бұл байқауда республикалық кезеңде 20 мектеп сайысты. Солтүстік Қазақстан облысы атынан С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия сайысқа түсті. 1 ай көлемінде 6 кітапты оқыған 5-сынып оқушылары жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Әсем Жақсыбайқызымен бірге сұрақтарға жауап беруге сақадай сай тұрды.
Әділқазылардың шешімі бойынша, гимназия оқушыларына алғыс білдіре отырып, ынталандыру сыйлығына бір топтама кітаптар мен гимназиямызға дипломды табыс етті.
Республикалық сайыста оқыған кітаптары бойынша тамаша білімдерін көрсете алған 5-сынып оқушыларын құттықтап, кітап оқу арқылы рухани біліммен қуанта беруге тілектеспіз!
#ЫбырайАлтынсарин180жыл



Комментариев нет
142 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 19.11.2021 в 15:15

Возможно вас заинтересует...!