«Құқықтық сауаттылық — уақыт талабы» атты 8-10 сынып ұлдарымен батылдық сабағын өткізді
Мектеп психологі Әсел Сәруарқызы мен сынып жетекші Әсем Қайырғалиқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Құқықтық сауаттылық — уақыт талабы» атты 8-10 сынып ұлдарымен батылдық сабағын өткізді.
Күн тәртібінде: 1. Әлімжеттіктің алдын алу;
2. Мектептегі зорлық-зомбылықтың түрлері;
3. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Ер адам мінезінің бір қыры — әрқашан да сөзде тұру, айтқанды орындау. Бүгінгі ер адамдарға тән қасиет туралы ұзақ айтып, пікір тыңдалды.
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 19.11.2021 в 12:29