Меню KDT
«Күй-құдірет, күй-ғұмыр» атты кітап


Қызылжар өңіріне белгілі мәдениет қайраткері, Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдің иегері,облысымыздың бірінші кәсіби күйшісі Құсаинов Серікбай Бәриұлына арналған «Күй-құдірет, күй-ғұмыр» атты кітап жарық көрген болатын. Серікбай Бәриұлы 1997-2013жылға дейін қалалық классикалық гимназияда өнер студиясында домбыра сабағынан сабақ берген болатын. Өзі еңбек еткен ұжымға, яғни қалалық классикалық гимназия кітапханасына елу үш жылдық ұстаздық жолындағы және қазақтың баға жетпес рухани байлығы-күйді халықтың жадында сақтау мен насихаттау бағытындағы алпыс жылдық зор еңбегі баяндалатын «Күй-құдірет, күй-ғұмыр» кітабын сыйға берді. Ұстаздар мен оқушылар ардагер ұстаздың тағылымы мол өмір жолы жайлы жазылған кітабымен танысып, рухани әлемге бөленді.


Комментариев нет
136 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 19.11.2021 в 12:26

Возможно вас заинтересует...!