Меню KDT
"Жігер" дебат клубы


17.11.2021 жылы Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның "Жігер" дебат клубына жаңадан қабылданған ойыншыларға санитарлық нормаларды және шектеулі санмен тәжірибелік семинар өткізілді. Іс-шара жылдық жоспарға негізделіп жасалды. Қала, облыс, республика деңгейінде дебат ойнаған оқушылар өзінің тәжірибесімен, өз дегеніне жету үшін жасалатын психологиялық әдістермен бөлісті. 2 сағаттық қызу жұмыс нәтижесінде жаңадан қабылданған ойыншылардың қызығушылығы артып, дебатқа бет бұрулары дұрыс шешім екенін өздері де мойындады. Жас ойыншылардың қызығушылығын одан әрі арттыру үшін " Бұл палата Қазақстандық мектептерде 1-сыныптан бастап үштілділік саясатты қолдайды" атты тақырыпта көрсеткіш ойынмен семинарды аяқтады.


Комментариев нет
180 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 18.11.2021 в 12:28

Возможно вас заинтересует...!