← Назад к новостям
«Өз құқығыңды білесің бе?»

«Өз құқығыңды білесің бе?»

83mektep
17.11.2021 в 20:00
1035 просм.
Нет комментариев

Бүгін мектебімізде мектеп инспекторының қатысуымен «Өз құқығыңды білесің бе?» атты кездесу өтті.


Бүгін мектебімізде мектеп инспекторының қатысуымен «Өз құқығыңды білесің бе?» атты кездесу өтті. Шараға 9-10 сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Кездесудің мақсаты:  оқушыларды өз құқығымен таныстыру, тиым салынған іс-әрекеттердің алдын алу.  Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтарды атап өтіп, одан аулақ болуды ескертті. Сонымен қатар кездесуде мектеп оқушылары арасында жаппай таралып жатқан электронды темекі мәселесі де көтерілді. Оның оқушылар өміріне тигізетін қаупі мен заң жүзіндегі жауапкершілік сөз етілді. Кездесуге қатысушылар инспектор мырзаға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жауап алды. Бұндай іс-шараларды жиі өткізу арқылы қылмыстық істердің алдын аламыз деген ойдамыз.






Автор: 83mektep · 17.11.2021
1035
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT