Меню KDT
Гимназия кітапханасы кітапты сүйсіне оқитын жер


Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі- мектеп кітапханасы. Осы замандағы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында кітап адамның ішкі жандүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасайтын рухани азық болып қала бермек. Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия кітапханасы кітапты сүйсіне оқитын, сондай-ақ кітапқұмар ұстаздардың табылар жері.
Биылғы оқу жылында мектеп кітапханасына М.Әуезовтың «Абай жолы», Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаhар» тарихи романы, Абайдың « Қара сөздер» т.б. бірнеше кітаптар келіп түскен болатын. Осы кітаптарды кітапхана оқырмандары қызығушылықпен оқуда.
«Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында #ОҚЫҒАНЫҢМЕН БӨЛІС челленджіне оқушылар мен ұстаздар ат салысып жатыр.
Соның бірі кітапхананың белсенді оқырманы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айсина Нұргүл Бауыржанқызы өзі оқыған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы кітабымен сіздермен бөліседі.
XV ғасырдан XIX ғасырдың ортасына дейінгі қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихы, халықтың қасіреті мен үміті, азаттық үшін жоңғарлармен арпалысы мен атамекенге жау аяғын бастырмауға бекінген батырлар ерлігі кітапта баяндалады. Сонымен бірге аумалы-төкпелі уақыттағы ел билеген хандардың көреген саясаты мен көрші Қытай, Хиуа, Бұхара, Ресей империясымен дипломатиялық қарым-қатынасты нығайту жолдары, адамгершілік пен аярлық, алаауыздық пен мәрттік те жан-жақты ашылған. Осындай маңызды оқиғаны паш еткен көркем шығарманы баршаларыңызға оқуға ұсынамын!
#ОҚЫҒАНЫҢМЕН_БӨЛІС
#ІлиясЕсенберлин #АлмасҚылыш #Жанталас #Қаһар
#кітапоқиық #кітаптар #ҚалалықКлассикалықГимназия


        


Комментариев нет
186 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 16.11.2021 в 11:15

Возможно вас заинтересует...!