«Смирнов №3 орта мектебі» КММ
Күзгі демалыста өткізілген іс-шаралар қорытындысы
Мектебімізде күзгі демалыс күндерін қызықты өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып, тиісті шаралар мерзімімен өткізілді. 1 қараша күні 1-2 сынып оқушылары мұражайға онлайн саяхатқа барды.

«Тәуелсіз Отаныма 30 жыл» тақырыбында 2 қараша күні сурет байқауы болды.


Жеңімпаздарға мадақтау қағаздары ұсынылды.
2 қараша күні «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты тақырыпта мектеп Парламенті мүшелері флешмоб биін дайындады.
3 қараша «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында 3-4 сыныптар арасында викторина ойыны өткізілді.

4 қараша күні мектебімізде 6-7 сыныптар арасында спорттық іс-шара өткізілді.Жалпы 16 оқушы қатысты. Оның ішінде қыздар футзал, ұлдар пионербол ойындарына белсене қатысты.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены