Ауылымның түтіні қымбат маған
Менің Отаным Қазақстан кең - байтақ, ұлан - ғайыр жерді алып жатыр. Қазақстанның солтүстігінде ерке Есілдің жағасында Прибрежный ауылы орналасқан. Прибрежный ауылы тарихын сонау Ұлы Қазан революциясына дейінгі уақыттан алады. Бір ғасырдан артық тарихы бар елдімекен.
Алғашында бұл ауыл Абрамовка деп аталыпты. Селоны помещик басқарыпты. 1929-жылы мұнда Петропавл депосының қосалқы шаруашылығы ұйымдастырылыпты. Кейіннен кеңшар болады. Қазір Прибрежный ауылында 1700-дей халық тұрады. Ауыл жылдан -жылға көркейіп, өсіп келеді. Ауыл Петропавл қаласының жанында, табиғаты әсем жерде орналасқан. Ауылды айнала көк шалғындар, қайыңды - теректі ормандар, мөлдір сулы көлдер орналасқан. Бұл ауылда менің ата - әжем тұрады. Сол себепті маған бұл ауылдың түтіні де қымбат, жуасы да тәтті. Ауылым, мен сені сағынып тұрамын! Әрқашан дамып, гүлдене бер, ауылым -алтын бесігім! Тұрар Мөлдір Талғатқызы С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының 4 “Ә” сынып оқушысы, СҚО, Петропавл қаласы, суретте Прибрежный ауылы
#АуылымРуханиЖаңғыруСҚО






Автор: b1428skobilim
Добавлено: 08.11.2021 в 14:14