2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының республикалық конкурсының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы. Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Конкурсқа жас зерттеушілер-2-7 сынып оқушылары, жеке, сондай-ақ, командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады.
«Қалалық білім бөлінімің» 2021 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының қалалық кезеңі 20-22 қазан аралығында өткізілді.
Елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты Конкурс қашықтықтан «ZOOM» платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены