Меню KDT
Бүгін сүйікті гимназиямызға 25 жыл толып отыр


Әр түлектің еңбегі еткен бағалы
Мектебінің есінде әр кез қалады.
Талай білім сынағында еңкеймей
Жиырма бестің биік тұрған жалауы.
Талай шәкірт өткеніне қараған
Шығармайды өз мектебін санадан.
Жиырма бес те спортта, өнер, білімде
Мықтылардың алдын талай ораған.
Ұстаз аты, ғажап едің сен неткен,
Табыс жолы алынбайды еш ертектен.
Бұл жерде де талай ұстаз бала үшін
Еңбек еткен, тыншымастан тер төккен.
Қара шаңырақ тиесілі бізге бақ еді,
Артқы толқын алдыңғыға ереді.
Сол дәстүрмен болашаққа ұмтылып
XXI-дің жас ұрпағы келеді.
Күтсін дейді ел жас ұрпақты таң күліп,
Жетелейді болашақ деп алға үміт.
Алда – асулар, ал санада мектептің
Тарихы да тұра береді жаңғырып.
Бүгін сүйікті гимназиямызға 25 жыл толып отыр. Асқақтай бер
Qalalyq Klassıkalyq Gımnazııa.


Комментариев нет
162 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 25.10.2021 в 10:17

Возможно вас заинтересует...!