18 қазан Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобаның қалалық кезеңі өтті. Аталмыш сайыс оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру, ой еңбегінің беделін арттыру, ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиядан қорғауға ұсынылған 10 жұмыстың 8 жұмысы жүлделі орын алды. Биология секциясында Исабай Азилия 2 орын жетекшісі Айсина Н. Б. Өлкетану секциясы Орынбасар Аделия 2 орын жетекшісі Кусаинова А. К. Этномәдениеттану секциясы Серикова Алтынай 2 орын жетекшісі Муканова С. К. Тарих секциясы Ашимова М. Жұмағұл Үміт 2 орын жетекшісі Амиржанова С. Д.Математика секциясында Телекеева Нурай 3 орын жетекшісі Телекеева А. С. Кагиров Асханби 3 орын жетекшісі Оспанова Г. Т. Қазақ тілі мен әдебеиеті секциясы Жүкен Нұрай 3 орын жетекшісі Кулибекова А. К. орыс әдебиеті секциясы Джаргакова Дильназ 3 орын жетекшісі Назарова Т. М. Еңбектері ақталып марапатқа ие болған оқушыларымыз бен ұстаздарымызды құттықтаймыз, шығармашылық табыс пен биік шыңдарды бағындыра беріңіздер. Оза шауып облысқа жолдама алған оқушыларымызға жеңіс тілейміз!
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены