← Назад к новостям
Апталықтың ашылуы!

Апталықтың ашылуы!

38mektep
20.10.2021 в 15:09
337 просм.
Нет комментариев

Мектебімізде 18.10.21-22.10.21 аралығында «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»  тақырыбында өткізілетін география, биология және химия пәндер апталығының жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді. 


18 қазан күні ашылу салтанаты жиынында апталықтың мақсаты: география, биология және химия сабақтарында және сабақтан тыс іс – шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру екендігі туралы айтып таныстырылды.

Салтанатты жиында жаратылыстану бірлестік жетекшісі: Н.Ә. Бейсенбаева, химия пәні мұғалімі Э.Т.Имашева, 10-11 сынып оқушылары апталыққа арнап құттықтау жолдады.  Мектебіміздің  директоры К.К.Муканов апталықтың маңызыдылығы туралы айтып,  сәттілік тіледі.

Қазақтың ұлттық тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды, қазақтың ұлттық тағамдарының дәруменге бай екендігі туралы сөз етілді.

Автор: 38mektep · 20.10.2021
337
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT