Меню KDT
Құттықтаймыз!!

 
16 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» КММ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен дене шынықтыру пән мұғалімі Шияқов Серик Казтаевич баскетболдан 8-сынып оқушылары арасында мектепішілік жарыс өткізді. Жарысқа сынып ұлдарынан жеке команда жинақтады. Кездесулер өте тартысты, қызықты өтті. Ойынға әділ және білікті төрелік еткен мектеп-лицейіміздің дене шынықтыру пән мұғалімі Кубышев Азамат. Төрешіліктен тәжірибе жинау мақсатында, дайындығы жоғары оқушылар қатарынан төрешінің көмекшілері тағайындалды. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлдегер командалар мен түрлі номинация жеңімпаздары марапатталды. I, II, III орындар 8 «Ғ», 8 «Е» және 8 «Г» сыныптардың командаларына берілді.   «Жеңіске деген жігер үшін» - Шакен Елнар, «Үздік орталық ойыншы» - Ербол Санжар , «Үздік капитан» - Аманкелді Мирас, «Үздік доп таратушы» - Абдрахымов Алихан, «Үздік қарғаушы» - Мурзагулов Темірлан, «Үздік техника» мен  «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша - Берден Нұрсұлтан марапатталды.


                                                                                                                                                                                                                                                               


Комментариев нет
302 просмотров
Автор: 38mektep
Добавлено: 18.10.2021 в 11:22

Возможно вас заинтересует...!