Бүгінгі технологиялар дамыған заманында, адамның сауаттылық туралы түсінігі күн сайын өзгеріп тұрады десек те болады
🤖 Бүгінгі технологиялар дамыған заманында, адамның сауаттылық туралы түсінігі күн сайын өзгеріп тұрады десек те болады. Осыдан 10 жыл бұрын адамның сауаттылығы оқу мен жазу көрсеткіштеры арқылы бағалайтын болса, казір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналады, ал ертеңгі күні әр сауатты адам роботпен жұмыс жасай білу қажет.
Казіргі таңда - автоматтық құрылғыларды, немесе адам баласының алдын - ала қондырылған бағдарламаларына бұйрық арқылы орындауын робот деп атайды.
Бүгінгі күні робот өмірімізге нық қадам басып кіріп келеді, өйткені қазір барлық салаларда роботтың көмегіне сүйеніп түрлі-түрлі жұмыстар атқарылады.
Осыған орай біздің мектепте робототехника үйірмесі ашылып, оқушыларымыздың алғашқы жетістіктерінің бірі ретіндегі көрініс. Үйірменің қатысушысы Сәкен Әлидің туындысы - Гиробой роботы.
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 15.10.2021 в 10:17