


09 қазан күні мектебімізде әдістемелік қолдау көрсету мақсатында директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Ж.Табыспаеваның ұйымдастыруымен жас мамандар мектебінің оқыту семинары өтті. Семинарда «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚБАИ тренері Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы сабақты жоспарлаудың түйінді сәттерімен таныстырып, жас мамандармен кездесу өткізді.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены