← Назад к новостям
Халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша жұмыстар

Халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша жұмыстар

saparov.muhanbetali
07.10.2021 в 12:14
785 просм.
Нет комментариев

Математика мұғалімдері ассоциацияларының жұмыс жоспарына сәйкес жыл бойы халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша жұмыстар жүргізілді.


   Математика мұғалімдері ассоциацияларының жұмыс жоспарына сәйкес жыл бойы халықаралық зерттеулерге дайындық бойынша жұмыстар жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін бағалауға арналған тест тапсырмаларының жинағы шығарылды.

   Бұл жинақ біздің облыстың ғана емес, республиканың педагогтары арасында оң пікір алды.

   Мәселен, 2021 жылғы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы мен білім беруді дамыту орталығы «PISA 22: дайындық құралдары мен тетіктері» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.

   Халықаралық конференцияға Солтүстік Қазақстан облысы математика мұғалімдері қауымдастығының төрайымы Роза Қазбекқызы Мағперова «Математикалық сауаттылықты дамыту-тұлғаның табысты дамуының кепілі» тақырыбымен шақырылды.

   Конференция жұмысына Ресей Федерациясы, Жамбыл, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының педагогтары қатысты. Конференция соңында математик мұғалімдер қауымдастықтарының одан әрі өзара ынтымақтастығы жоспарланған.

   Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша конференция материалдары бар жинақ шығарылады.

Автор: saparov.muhanbetali · 07.10.2021
785
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT