2021 жылғы 6 қазанда Петропавл қаласының балалар мен жасөспірімдер облыстық шығармашылық орталығында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ басшысының м.а. Татьяна Николаевна Протопопова , «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары Болатхан Өтегенұлы Жүсіпов және де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Елбасы медалі» бағдарламасының өңірлік үйлестірушісі Мұсатаев Дидар Бахтиярұлының қатысуымен «Елбасы медалі» бағдарламасының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті. Аталмыш бағдарламаға С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның домбыра үйірмесінің жетекшісі Құбайдұлла Байымбет Асылханұлы қатысып "Елбасы медалі" иегері атанды. Ұстазымызбен мақтан тұтамыз, алар асулары көп болсын.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены