Меню KDT
Құрметті Күлтай Ахметқызы!


Құрметті Күлтай Ахметқызы!
Бүгінгі келіп жеткен туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Талай жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан гимназиямыздың жомарт басшысысыз. Өз мамандығын жан-тәнімен сүйіп, «Білікті басшы» деген атқа лайық еңбек етіп, зейнетке шықтыңыз. Еңбек жолыңызда еліміздің ертеңін ойлап, өскелең ұрпақтың ана тілін ардақтап, қадірлеп, ұлтжанды ұрпақ пен тұлғаны қалыптастыруға зор үлесіңізді қостыңыз.
Сізді туған күніңізбен және зейнетке шығу жасыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жылы лебізімізді жолдаймыз! Ұжымда әділ, сыйлы әріптес, отбасында асыл жар, мейірімді ана, асыл әже бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз. Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенеле берсін. Шаңырағыңыздан береке, босағаңыздан қызық-қуаныш кетпесін!
Құтты болсын 60 жас тойыңыз,
Ақыл менен дана толы ойыңыз.
Алла берген ғұмыр жасын жасаймын деп
Күлтай Ахметқызы, өмірге құштар болыңыз!
Игі тілекпен: «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ ұжымы.




Комментариев нет
238 просмотров
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 04.10.2021 в 09:00

Возможно вас заинтересует...!