№27 мектеп-лицейінде 2021 жылдың 20-24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тілдер күні мерекесіне арналған «Тілі бірдің - тілегі бір» атты тілдер апталығы аталып өтті. Апталықтың мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатын дамыту.
Аталмыш апталық аясында бекітілген жоспар бойынша мектебіміздің тіл мамандары оқушыларға мемлекеттік тілдің және орыс, ағылшын тілдерінің, қоғамдағы үштілділік саясатының маңызын, бірнеше тілді қатар игеру арқылы туған жерімізді сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуші білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында түрлі іс-шаралардың өтуіне белсене ат салысты.
Бірлестік жетекшілері Сердалы Т.О. Секерова А.Ж. Садыкова Р.С. ұйымдастыруымен бекітілген жоспар негізінде өткізілген іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.
Осыған орай, мектеп әкімшілігі ұйымдастырушы ұстаздарға және іс – шараларға белсене қатысушы оқушыларға алғыс білдірді.





Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены