Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №38 мектеп- лицейінде қыркүйек айының 20-25 аралығында «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы өтті. Апталықтың ашылуы әр сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды. Оқушылар тіл жайлы өз толғаныстарын ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен байланыстыра білді. «Кел, балалар, оқылық!» деп білімге шақырған ұлт ұстазының тілімен, бүгінде мектепте білім алып жатқан оқушыларды апталық барысында өтетін іс- шараларға белсене қатысуға, білім алуға шақырды.Апталық аясында қазақ тілі мен әдебиетінен 9 ашық сабақ, 6 сыныптан тыс мерелелік іс –шаралар өткізілді. Апталық кезінде әр сыныпта өткен ашық сабақтарда оқушылардың білім деңгейі байқалды. Ұстаздар сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологияларының «Миға шабуыл», «Еркін микрофон», «Төрт сөйлем » тәсілі, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістерін тиімді қолдана білді. Әсіресе жоғары сыныптарда өткен зерттеу, жоба қорғау сабақтары оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырды. Сыныптан тыс іс шаралар атаулы мерекелерді қамтыды. Мұқағали Мақатаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойларымен байланысты әр түрлі зияткерлік сайыстар өткізілді.Зияткерлік сайыстарға белсене қатысқан сынып оқушылары әр түрлі сыйлықтар мен грамоталармен марапатталды.
№ | Атқарылатын іс -шаралар | Тақырыбы
| Уақыты |
| Жауапты мұғалім |
1 | Апталықтың ашылуы | «Туған тілім- тірлігімнің айғағы» әдеби кеш. Акт залы | 20.09.21. 13.10. |
| Ахмер Б.Е. Қасымова Н.Т. Рахымбаев М.Қ. |
2 | Сыныптан тыс сайыс | «Тіл білгірлері» | 9 сыныптар 13.10. 21.09.21 |
| Ахметова М.Б |
3 | Қазақ әдебиетінен ашық сабақ | «Аяз би ертегісі, кейіпкерлер» | 22.09. 6 «Ә». 1-сабак |
| Елжашева А. Б. |
4 | Қазақ тілінен ашық сабақ | «Ұлттық киім – асыл мұра» | 5 «Г»3- сабақ. 22.09.21. |
| Каржикова Д.С. |
5 | Сыныптан тыс саяхат | Кітапханаға саяхат «Кел балалар, оқылық!» | 22.09. 13.00 6 «Г» |
| Амирова Ж. К. Төрежанова Г.А. |
6 | Қазақ әдебиетінен ашық сабақ | Қазақ әдебиеті «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» | 22.09 2-сабак 10 «Г» |
| Икишева А.А. |
7 | Қазақ тілінен ашық сабақ | «Көшпенділер мәдениеті» | 7- сынып 22.09.21 |
| Насивхан Н. |
8 | Қазақ тілінен ашық сабақ | «Киім. Сән. Талғам.» | 23.09.21. 5 «Б» 2- сабақ |
| Қасымова Н.Т. |
9 | Қазақ әдебиетінен ашық сабақ | «Шешендік сөздер: Мөңке бидің шешендік өнері» | 23.09. 4-сағат. 9«Ә» сынып |
| Ахметова М.Б. |
10 | Қазақ әдебиетінен ашық сабақ | Оралхан Бөкей «Атау кере» | 23.09.21. 11«Г» 2- сабақ |
| Рахымбаев М.К. |
11 | Қазақ тілінен ашық сабақ | «Абайдың оқудан оралуы.Екпін.» | 23.09. 3- сабак 6 «А» |
| Амирова Ж. К. |
12 | Қызықты қазақ әдебиеті | «Қаламгерлердің таспаға басылған дауыстары» бейнелекция | 9-сынып 24.09.21. |
| Ахмер Б.Е. |
13 | Сыныптан тыс іс- шара | «Тіл-ұлттық қазына» | 24.09.21. 8 «Б» сынып |
| Елжашева А. Б. |
14 | Сыныптан тыс іс-шара | «Жұлдызды сәт» зияткерлік сайыс | 24.09.2021. 7 -сыныптар |
| Насивхан Н. |
15 | Сыныптан тыс іс шара | «Қазіргі қазақ тілінің мұңы» | 9 «В»-сынып. Сағ.13.10. |
| Рахымбаев М.К. |
Бірлестік жетекшісі: Каржикова Д.С.

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены