Психолог Н.Т.Мейркулова қатысушыларды тренингтің тақырыбы, мақсаты, жоспары және ережелерімен таныстырып өтті.
Тренинг барысында жас мамандар психологиялық ойын жаттығуларын орындады. «Танысу» жаттығуда қатысушылар туралы ақпарат алды, топ ішінде жағымды атмосфера құрылды, өздерінің мінез қасиеттерін танып білді.
Ұжымға бейімделу, топта психологиялық ахуалды қалыптастыру бағытында «Нұрлы жүрек», «Кел, шырқайық» ойын жаттығулары орындалды. Жас мамандармен сұхбаттасу айдарында сұрақтарға жауап алынды, тренингтен алған әсерлері бойынша бір-бірлерімен ой бөлісті, жылы тілектерін айтып өтті.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены