«ТӘТТІ ТИК-ТОКЕРЛЕР» КОМАНДАСЫ ЖЕҢІМПАЗ
2021 жылғы 13 қыркүйек күні Қызылорда қаласында мектепаралық КВН ойындары өтті
Сайысты «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастырды.
Міржақып Дулатұлы атындағы 68 мектеп-гимназиясының 1-5 сынып оқушыларынан құралған «Тәтті Тик-Токерлер» командасы қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Бала жайдарман командасына жетекшілік еткен көркем еңбек пәнінің мұғалімі Д. Мұздыбай, сондай-ақ, информатика пәнінің мұғалімі М. Сәлімов пен бастауыш сынып мұғалімі М. Хуандаг алыс сапарда командаға қолдау көрсетті.
Жалпы Республикалық І Мектеп лигасының маусымашар фестиваліне 10 команда қатысқан болатын.
Ойын алдындағы редактурадан сәтті өткен «Тәтті Тик-Токерлер» командасы кіші топта өнер көрсетті. Қазылар алқасы мен көпшілік көңілінен шыға білген бүлдіршіндеріміз жеңімпаздар арасында өтетін додаға жолдама алды.
Команда капитаны:
3 «З» сыныбының оқушысы – А. Амир
Сынып жетекшісі: А. Мештаева
⠀
Команда мүшелері:
1 «А» сынып оқушысы – Н. Сәрсенғали.
Сынып жетекшісі: Ж. Утебаева
⠀
2 «Е» сынып оқушысы – Ж. Тәуекел
Сынып жетекшісі: Ж. кивашева
⠀
2 «Ж» сынып оқушысы – Ғ. Танатқан
Сынып жетекшісі: А. Мухтарова
⠀
4 «Ә» сыныбының оқушылары – Ә. Сейілбек, І. Закария
Сынып жетекшісі: Л. Кульманова
⠀
Сапардан сәтті оралған бүлдіршіндерді директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова, педагог-ұйымдастырушы Н. Кайроллаев пен сынып жетекшілері, ата-аналары құрметпен күтіп алды. Осы орайда, жеңімпаздарға көрсетілген сыйлықтар мен тәтті дәмділерге қолдау көрсеткені үшін мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Д. Қорғанбаеваға мектеп ұжымы өз алғысын білдіреді.
Жеңісті күндеріміз көп болғай!



