63 мектеп-гимназиясында Тілдер мекрекесі қарсанында 5-7 сынып оқушылардың арасында «Кел, ойнайық балалар!» атты сайыс үлкен үзіліс арасында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Б.Булекпасова мен Г.Букетова ұйымдастырды. Сайыстың мақсаты оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесіне деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Тіл – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл – ұлттың тірегі. Тіл – өз халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі бүгінде ұлттық руханиятымыздың өзегіне айналды. Осы орайда мектебімізде тілдер апталығы ашылып, 15.09.21 күні оқыту тілі орыс тілі болып саналатын 5-сыныптар арасында "Ақылдылар" интеллектуалды сайысы өтіп, қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды. Жаңа форматта ұйымдастырылған арнайы іс-шарада 5 "Е" сыныбы топ жарып алға шықты.
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены