Меню KDT
Ыбырай Атынсариннің 180 жылдығы


Бүгін, яғни 9 қыркүйек күні мектебімізде Тілдер мерекесі аясында қазақтың «Дала қоңырауы» атанып кеткен қазақ балалар әдебиетінің атасы,ағартушы-ұстаз Ыбырай Атынсариннің 180 жылдығына арналған танымдық сағат өтті. Оқушылар  қазақ халқының өткенін танымай, ХХІ ғасырға көз тігу мүмкін емес екендігін, Ы.Алтынсариннің өмірімен, қызметімен танысу арқылы, оның ұлтын, елінің тарихын, салт - санасын сүйген азамат екендігін танып білді. Жазушының  қазақ балаларын оқуға, өнерге шақырған,елдегі әлеуметтік мәселелерге арналған ,табиғат сұлулығын жырлаған өлеңдерін жатқа айтты. Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.Осы тақырыпта жазылған «Атымтай Жомарт»,«Бақша ағаштары»,«Асыл шөп»,«Әке мен бала» әңгімелерінің келер ұрпаққа берер тәрбиесі мол екенін айта келіп,7 "Ә" сынып оқушылары «Әке мен бала» әңгімесін сахналап, ерекше белсенділік танытты.

  


Комментариев нет
250 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 09.09.2021 в 09:45

Возможно вас заинтересует...!