← Назад к новостям
Білім күніне арналған "Кел, балалар, оқылық!" атты салтанаты

Білім күніне арналған "Кел, балалар, оқылық!" атты салтанаты

16mektep
01.09.2021 в 20:55
502 просм.
Нет комментариев

1 қыркүйек оқушылар мен мұғалімдер үшін маңызды, мерекелік іс-шара болып табылады. Білім күні мәңгі есте қалатын мектептегі бірінші күн. Сондықтан, Т. Айбергенов атындағы #16 орта мектебінің Білім күніне арналған "Кел, балалар, оқылық!" атты салтанатты шарамыз қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Мектебіміздің директоры Айтмухаметова Б. К, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдихаева М. К, мектеп оқушылары мен ұстаздарды, келген қонақтарды Білім күнімен құттықтап, сөз сөйледі.
Бірінші сынып оқушылары тақпақтарын айтып, орта буын оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, салтанатты іс-шараның қызықты өтуіне барынша ат салысты. Сонымен қатар, мектеп каратистерінің қойылымы келген қонақтарға өте ұнады. Каратэға қатысушылар арасында жекпе-жек ұйымдастырылып, каратэнің қыр сырын барынша көрсетуге тырысты. Орта буын оқушылары мектеп туралы ән шырқады. "Букварь" мен "Әліппенің" білім өркениетіне қайта келуіне байланысты шағын қойылым қойылды. 11 сынып оқушылары өсер ұрпаққа өз тілектерін білдірді. 1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын!

Автор: 16mektep · 01.09.2021
502
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT