"Мектепке жол"республикалық акциясы.
Мамлют ауданында "Мектепке жол"республикалық акциясы жалғасуда.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Мамлют ауданының білім беру ұйымдарында оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін "жедел желілер", "сенім"телефондарының жұмысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсетуге демеушілерді, әлеуметтік серіктестерді, мемлекеттік құрылымдарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейік, республикалық акция күнтізбелік жыл бойы жалғасады.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетуге тілек білдірушілер тұрғылықты жері бойынша Мамлют ауданының білім бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына жүгіне алады.