4 маусым «М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде жұмыс күні Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің ажырамас атрибуттарының бірі, оның бірегейлігі мен егемендігін бейнелейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар өтті. Мақсаты: мемлекеттік рәміздерге деген терең құрмет сезімін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздер туралы білімді кеңейту және бекіту, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Автор: b1436skobilim
Добавлено: 04.06.2021 в 14:21