Меню KDT
Мамырдың соңғы күнін қазақ халқы қара жамылып қарсы алады, себебі 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алатын азалы күн.


Мамырдың соңғы күнін қазақ халқы қара жамылып қарсы алады, себебі 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алатын азалы күн. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңы қабылданды. Ал, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады. Биыл ресми түрде аталып келе жатқанына 24 жыл. Осы орайда, №25 жалпы білім беретін орта мектептің тарих пәні мұғалімдері (Сералина Ж.Е., Сейткалиева А.Г., Зулкарнаева Ж.Т.) мен мектеп кітапханашысы (Хасенова А.А.) 31 мамыр күні жазғы мектеп оқушылары үшін тарих сағаттарын, мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырды. Ал мектеп ұжымы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алып, аталмыш күнге байланысты «Бір уыс бидай» (режис.: С.Әбікенұлы, Д.Мұстафаев) көркем фильмін тамашалады.
Өткізілген іс-шаралардың мақсаты: білім алушылар мен мектеп ұжымына саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.

  


Комментариев нет
315 просмотров
Автор: b1437skobilim
Добавлено: 01.06.2021 в 12:02

Возможно вас заинтересует...!