Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№38 мектеп-лицей» КММ-де 2020-2021 оқу жылын аяқтауға арналған 11 "А", 11 "Ә", 11 "Б", 11 "В" сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын өтті. Бітіруші түлектерге арналған соңғы қоңырауға қалалық маслихат депутаты - Әбдіров Айтжан Мұхамеджанұлы, Білім Беруді жаңғырту орталығы директорының міндетін атқарушы - Дауешова Сындар Муратовна қонақ болып қатысып, оқушыларға ақ тілектерін айтып, сәт сапар тіледі! 11-сынып оқушылары да өз кезегінде білім нәрін берген ұстаздарына алғыстарын білдіріп, сыныптас достарына ақ жол тіледі.


Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены