Меню KDT
Нәтижеге бағытталған оқыту моделін қалыптастырудағы мектеп тәжірибесі


2021 жылы 28 мамырда  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп- лицей" КММ ұйымдастыруымен

"Нәтижеге бағытталған оқыту моделін қалыптастырудағы мектеп тәжірибесі” атты қалалық семинар өтті.  Семинардың ашылуына Нұр-Сұлтан қаласы Білімді жаңғырту орталығының әдіскері Ш.Шарипова қатысты. Әдіскер мектептің орталықпен бірлескен жұмысына тоқталды. Мектеп директоры М.Казиева алғы сөзінде мектептің жұмыс жүйесімен таныстырды. Директордың ғылыми-ісі жөніндегі орынбасары Г.Абишева жоспарланған семинар жұмысының  негізгі бағыттарына тоқталып өтті. 

Семинар барысында мектеп мұғалімдері әдістемелік жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Семинар  «Lesson Study тәсілі – біздің тәжірибемізде», ХБ орта мектеп бағдарламасын жүзеге асыру», «Тәжірибедегі рефлексия»: жас маманның  өзіндік дамуы мен кәсіби өсуі», «Ұлттық ойын – тәрбие көзі» бағыттарында жоспарланды.

«Lesson Study тәсілі – біздің тәжірибемізде» бағытында жоба координаторы А.Кульжанова, модераторлар Л.Аянасова, Г.Болпакова, Б.Шакубаева және пән мұғалімдері: А.Сарсенова, А.Сагандыкова қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты зерттеу тәжірибесімен бөлісті. Семинар барысында «Зерттеу сабақтарын тиімді ұйымдастыру», «Жобаны әдістемелік сүйемелдеу», «Жоба нәтижелері постерде» тақырыптарында жыл бойы атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды.

«Тәжірибедегі рефлексия»: жас маманның өзіндік дамуы мен кәсіби өсуі» секциясының жұмысы арқылы мектепте жас мамандармен жұмыс жүйелік сипатта әрі жоғары деңгейде қойылғаны байқалды. Жас мұғалімдермен жүргізілген сапалы жұмыстың дәлелі – олардың семинарға қатысуы. Аталмыш курстың жетекшісі - ПШО тренері Нукебаева Бакыт Сейтханқызы. Іс-шара барысында жас мамандар әдістемелік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті.

 «Мектеп жұмысының маңызды бағыттарының бірі –Халықаралық бакалавриат  орта мектеп бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбындағы секция жұмысында жоба үйлестірушісі А.Кожабаева ұжымның 3 жылдық нәтижесіне тоқталды.    

  Секция жұмысы барысында  мектеп басымдылықтарының бірі -  ұлттық құндылықтарды дамыту мәселесі сөз болды.  Дене шынықтыру ӘБ мұғалімдері Қ.Спанов, О.Ақтілеуов, И.Нұрланов ұлттық ойындарды дамытудағы орасан зор жетістіктерімен бөлісті.  

Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Сондай-ақ қала мұғалімдерінен оң бағасын алды.


Комментариев нет
359 просмотров
Автор: 85mektep
Добавлено: 29.05.2021 в 12:30

Возможно вас заинтересует...!