Өткен күні: 22 мамыр 2021 жыл (икемді кесте бойынша)
Тақырыбы: Оқу жылының қорытындысы туралы
Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету
Өткізу форматы: әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты: онлайн немесе дәстүрлі форматта - педконсилиум.
Қатысушылар: ата-аналар (балалардың заңды өкілдері), педагогтер.
Әрбір мектеп ата-аналар жиналысын өткізу кезінде оны өткізудің тиісті форматын айқындайды және ата-аналарды алдын ала хабардар етеді.
Ағымдағы жылы ата-аналар жиналысын педконсилиум түрінде өткізуді ұсынылады.
Педконсилиумның ерекшелігі: әрбір ата-ана барлық педагогтермен кездесіп, өзінің баласы туралы толық ақпаратты, оның пәндер бойынша үлгерімін, сабаққа қатысуын, сондай-ақ жетістіктері туралы ақпарат ала алады.
Педконсилиумның өтетін орны: мектеп холы, сыныптар.
Педконсилиумды екі бөлімге бөліп өткізу ұсынылады.
Сондай-ақ, педагогикалық консилиумге педагог-психолог, әлеуметтік педагог қатысты
Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены