Lesson Study тәсілі – біздің тәжірибемізде
2020 жылдың 21 мамыр күні «Lesson Study тәсілі – біздің тәжірибемізде» тақырыбында мектепаралық қалалық вебинар ұйымдастырылды. Вебинар «Бастау» желілік мектептер қоғамдастығының құрамына енетін №82 Жетекші мектеп пен Серіктес №24, №84, №85 мектептердің қатысуымен өтті. Мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты зерттеу тәжірибесімен бөлісу. Іс-шараға жоба координаторы А.Кульжанова, модератор Л.Аянасова және пән мұғалімдері: А.Сарсенова, Г.Сарсенова, А.Сагандыкова белсене қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар барысында «Зерттеу сабақтарын тиімді ұйымдастыру», «Жобаны әдістемелік сүйемелдеу», «Жоба нәтижелері постерде» тақырыптарында жыл бойы атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалып, соңынан тиімді кері байланыс берілді.

Автор: 85mektep
Добавлено: 24.05.2021 в 08:55