Бүгін мектебімізде онлайн форматта мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен республикалық ата-аналар жиналысы өтті .
Жиналыста директордың ОІЖ орынбасарлары Газиева Жанна Касенхановна
« 2020-2021 оқу жылының қорытындысы» Камалова Толқын Мураткалиевна және Алиханова Жанар Ибадуллақызы –
« Жазғы мектеп – 2021» жұмысын ұйымдастыру ерекшелігі тақырыбында, директордың тәрбие ісі жөнінідегі орынбасарлары Арапова Баян Қуатқызы, Кайракбаева Алтынгуль Болатбековна
«Жазғы демалыс кезінде балалардың өмір қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама жасап, мектеп психологы Шонаева Баян Сериковна
«Жалпы адамзат құндылықтар-отбасы тәрбиесі негізінде» дәріс оқыды. Ата-аналарға баяндаманы оқу барысында презентация, бейнебаяндар көрсетілді . Ата - аналар белсене қатысып, қойылған сұрақтарға өздерінің рухани адамгершілік тұрғысынан ой пікірлерін жақсы жеткізді.Жиналысқа қатысушы спикерлер ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді . Жиналыс соңында ата-аналар алғыс білдіріп , алдағы оқу жылына сәттілік тіледі!






Автор: 58mektep
Добавлено: 22.05.2021 в 20:57