← Назад к новостям
"Үздік педагог"  Республикалық байқауының облыстық кезеңі

"Үздік педагог" Республикалық байқауының облыстық кезеңі

saparov.muhanbetali
21.05.2021 в 10:37
705 просм.
Нет комментариев

2021 жылдың 19 мамырында Солтүстік Қазақстан облысының орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған "Үздік педагог" Республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

 

Аталған кезеңге жаратылыстану-математика бағытындағы 5 пән мұғалімдері, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 пән мұғалімдері, бастауыш сыныптың 4 мұғалімі, музыка пәнінің 1 мұғалімі, өзін-өзі тану пәнінің 1 мұғалімі және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің 1 оқытушы-ұйымдастырушысы қатысты.

Айта кету керек, биылғы оқу жылында байқауға облыстың алты инновациялық мектебінің педагогтары қатысады.

Облыстық кезеңнің қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми әлеуметтік желілерде 10 күнтізбелік күн ішінде жарияланатын болады.




Автор: saparov.muhanbetali · 21.05.2021
705
0

Платформа қызметтерін қараңыз

BMC Sales Logo
Меню KDT