

Құрметті оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер! Облыста тәулік бойғы балалар мен жасөспірімдерге арналған жедел психологиялық көмек қызметі құрылды. Қызметтің негізгі бағыты: балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғалық дамуы, олардың құқықтарын сақтауға ықпал ету болып табылады. Қызметтің негізгі міндеттері:
-дағдарыс жағдайындағы балаларға, соның ішінде суицид қаупі бар жағдайларда шұғыл психологиялық көмек көрсету;
-әлеуметтік әл-ауқат жағдайларын, балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау;
-балаға және оның отбасына психологиялық кеңес беру.
Психологтар - консультанттар жұмыс істеген кезде келесі қағидаларды басшылыққа алады: қол жетімділік, ақысыздық, құпиялылық, сұхбаттасушыны құрметтеу және тыңдау.
Автор: b1428skobilim
Добавлено: 20.05.2021 в 16:16