«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз».
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік ұрпағы» атты облыстық парламенттік пікірталас турнирі өтті. Турнирге облыс аймақтарынан 8 команда ( Жеті Жарғы, Жас қыран, Бүркіттер, Әділет, Жас кырандар, Дарабоз, Кеңес қырандары, 25 мектеп шәкірттері) қатысты. Аталмыш турнирде біздің мектеп командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Дебат клубының жетекшісі Сейткалиева Айткуль Габдурахмановна

Copyright © BenchMark Consulting 2018-2026. Все права защищены