«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап»
«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» ұранымен 30 үздік туынды таңдалған болатын. «Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясына енген Ыбырай Алтынсариннің «Өнер білім бар жұрттар» шығармасы бастауыш сынып оқушыларына насихатталды. Іс-шара барысында қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогі, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны, шығармашылығы туралы және балалар әдебиеті қорынан кітаптар таныстырылып, видеобаяндамалар көрсетілді. Оқушылар Ыбырай Алтынсаринның «Өнер білім бар жұрттар» жинағынан өлеңдер оқыды.



